Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру Қоры мен Әзірбайжан Республикасының депозиттерге кепілдік беру қоры арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды

5 тамызда Баку қаласында (Әзірбайжан) Еуразиялық аймақтық комитеттің (IADI)  жылдық жиналысы аясында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру Қорының Төрағасы Б.Қоғыловтың Әзірбайжан Республикасының депозиттерге кепілдік беру қорының басшысы А.Джавадовпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар депозиттерді сақтандыру жүйесінің тиімді жұмыс атқаруы, екіжақты қарым-қатынастың нығая түсуі жайлы мәселелерді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екі ұйым арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды. 

Меморандумға сәйкес, тараптар Қазақстан Республикасындағы және Әзірбайжан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің дамуы жайлы ақпараттармен алмасып отырады, салымдарды сақтандыру, проблемалы қаржылық институттарды тарату мен сауықтыру саласындағы іс-жүзіндегі тәжірибелерімен  бөліседі, сонымен қатар бірлесе отырып ортақ мүдделері бар салаларда зерттеу және білім беру жобаларын  жүзеге асырады.

Тараптар, екі мемлекеттің қаржылық-экономикалық салада тығыз ынтымақтастығы шарттарында депозиттерді сақтандыратын екі мемлекеттік ұйым арасындағы достық қатынастарының нығаюы  олардың ТМД-ға қатысуы аясында заңды болып табылады деп есептейді. Қос ұйымның басшылары, Меморандумда көрсетілген, алға қойған мақсаттарына жететіндеріне кәміл сенімді. 

Подписан Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве между Казахстанским фондом гарантирования депозитов и Фондом гарантирования депозитов Азербайджанской Республики