2014 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Әзірбайжанның депозиттерге кепілдік беру қорының басшылығы мен қызметкерлері Алматыда өткен «Тәуекелдерді талдау негізінде депозиттерге кепілдік беру жүйесін қаржыландыру» атты техникалық семинарға қатысты.

2014 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Әзірбайжанның депозиттерге кепілдік беру қорының басшылығы мен қызметкерлері Алматыда өткен «Тәуекелдерді талдау негізінде депозиттерге кепілдік беру жүйесін қаржыландыру» атты техникалық семинарға қатысты.

Әзірбайжанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ADIF) депозиттерге кепілдік беру жүйесін қаржыландыру үшін қатысушы банктер жарналарының сараланған мөлшерлемелер жүйесіне (СМЖ) көшу бойынша жұмыс атқаруда. Сараланған мөлшерлемелер жүйесі (СМЖ) жекелеген банкке қатысты тәуекелдер талдауын және белгіленген тәуекелдік деңгейіне байланысты банк жарналарына сараланған мөлшерлемелер қолдануды білдіреді.

Семинар барысында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен Әзірбайжанның депозиттерге кепілдік беру қорының басшылығы мен мамандары осы жүйені әзірлеу мен енгізу мәселелін талқылады. Сонымен қатар, есептеулерді автоматтандыру үшін ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдерді басқару мен әзірлеу мәселелері талқыланды.

Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі қатысушы банктердің жарналары есебінен жинақтаушы негізде қаржыландырылады. ҚДКБҚ жарналардың сараланған мөлшерлемелер жүйесіне 2007 жылы көшті. Қолданыстағы «БАТА» жүйесі банктің қаржылық жағдайын жан-жақты талдауға арналған көрсеткіштер жиынтығын білдіреді, оның ішінде капитал жеткіліктігін, активтердің сапасы мен шоғырлануын, банктік операциялардың табыстылығы мен өтімділігін  анықтауға бағытталған. Бұдан өзге, корпоративтік басқару сапасының көрсеткіштері мен өткен кезеңнің баллдық нәтиижелері де ескеріледі.

Жарияланым күні жағдайына, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға және шоттарын жүргізуге лицензиясы бар, Ислам банкінен өзге, Қаақстан Республикасында қызмет ететін барлық 37 коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттеріне, ағымдағы және карточкалық шоттарына кепілдік береді.

2014 жылдың соңына кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған жинақталған арнайы резервтің сомасы 205,7 миллиард теңгені құрады.