Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз!

25 жыл бұрын, дәлірек айтсақ 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Біздің еліміз заңды мәртебесі бар тәуелсіз мемлекет деп алғаш рет әлемдік қауымдастықта таныла бастады. 25 жылдың ішінде еліміз табысты, бәсекеге қабілетті, тұрақты, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекет ретінде қалыптасты.

Бұл айтулы күнмен барша қазақ елін шын жүректен құттықтаймыз. Елімізге тыныштық, өсіп-өркендеу, арман-тілектің орындалуын тілейміз!