Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: 1460

Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғылы, 136, 8-қабат

Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көшесі, 11, 104-кеңсе

Тел: 1460

Тарату процесіндегі банктер

Таратылатын банктердің санаттары

Эксимбанк Қазақстан

Агент банк:

Төлем – ҚДКҚ-дан тікелей

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

Банк таратылған сәттен бастап 1 жыл

Эксимбанк Қазақстан 2018 жылы 28 тамызда барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылды.

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі 2018 жылғы 28 қарашада қабылданды және 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді.

Төлем агенті ретінде ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ тартылды. Салымшыларға төлем 2019 жылдың 4 ақпанында басталды.

2020 жылдың басына қарай ҚДКҚ салымшыларға депозиттері бойынша жалпы сомасы 257 миллион теңге өтем төледі. Бұл – міндеттемелердің бастапқы сомасының 99%-ын құрайды. 1,5 миллион теңге салымшылар тарапынан әзірге талап етілмей отыр.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2019 жылдың 6 қарашасынан бастап өтініштерді дербес қабылдайды және өтем төлейді. Өтінішті поштамен жіберуге немесе ҚДКҚ-ның Алматыдағы бас кеңсесіне және Нұр-Сұлтандағы өкілдігіне келіп тапсыруға болады. Қор өтінішті қарайды және ақшаны сол өтініште көрсетілген деректемелер бойынша қолма-қол ақшасыз төлеммен аударады.

ҚДКҚ-ның өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері салымшыға тиесілі сомаға қарамастан, банкті тарату үдерісі аяқталған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.

Өтініштер тікелей немесе пошта арқылы ҚДКҚ-ның Алматыдағы бас кеңсесінде және Нұр-Сұлтандағы өкілдігінде қабылданады:
Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғ., 136, 8 қабат;
Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көш., 11, 104 кеңсе.


docx

Заявление о выплате возмещения в Фонде (для банков на ликвидации).doc

46.592 KB




Жеке өтініш

ҚДКҚ-ға тікелей келіп өтініш білдірген кезде өтініштен басқа өзіңізде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болсын.


Пошта арқылы

Егер өтінішті пошта арқылы жолдасаңыз және өтем сомасы бір мың теңгеден асатын болса, өтінішке қойылған қол нотариалды түрде куәландырылған болуы қажет. Өтінішке қоса жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі де берілуі тиіс.


Сенімхат бойынша

ҚДКҚ салымшылардың сенім білдірген тұлғаларының өтініштерін де қабылдайды. Сенімхатты нотариус куәландыруға тиіс.


Агент банк бас сенімхатты, сондай-ақ арнайы немесе бір жолғы сенімхатты да қабылдайды. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда салымшының өкілі сенімхат пен оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады. Аудармасы да нотариалды түрде куәландырылған болуы тиіс. Апостиль қою немесе консулдық заңдастыру қажет болуы мүмкін.




ҚДКҚ «Эксимбанк Қазақстан» АҚ тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетінің құрамына қатыспайды: 2019 жылғы 25 маусымда банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша Қор алдындағы міндеттемелері – жалпы сомасы 258 345 948,32 теңгеге орындалды.


«Эксимбанк Қазақстан» АҚ 118 салымшысында депозиттер бойынша – кепілдік берілген ең жоғары сомадан тыс немесе төленбеген сыйақы бойынша талаптар болған.



Delta Bank

Агент банк:

ЦентрКредит Банкі

Агент банктің бөлімшелерінде өтініштер қабылдау мерзімі:

22.11.2020ж.

Delta Bank 2018 жылдың 25 сәуірінен бері мәжбүрлеп тарату үдерісінен өтуде. Банкте карточкалар ашылған және жалпы сомасы 201 миллион теңгеге 2,7 мың адамның салымдары орналастырылған.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға кепілдік берілген өтемді 2018 жылдың 17 мамырында төлей бастады, агент банк ретінде ЦентрКредит банкі таңдап алынды. 2020 жылдың басына қарай банк салымшылары жалпы сомасы 94 миллион теңгеге өтем алуға өтініш білдірді. Бұл міндеттемелердің бастапқы сомасының 46%-ын ғана құрайды.

Әзірге өтем ақша алмаған салымшылар ЦентрКредит Банкінің кез келген бөлімшесіне 2020 жылдың 22 қарашаға дейін өтініш бере алады. Өтінішті тікелей келу немесе сенімхат арқылы беруге болады.


«Delta Bank» АҚ тарату комиссиясы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры алдындағы кепілдік берілген депозиттер бойынша төленетін өтем сомасына қатысты міндеттемелерін орындады. ҚДКҚ пайдасына есептелген төлемдердің жалпы сомасы 201 миллион теңгені құрады.

Осы міндеттемелерді орындаған сәттен бастап ҚДКҚ тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетінің құрамына қатыспайды.

Банктегі депозиттердің 99,9%-ы толық сомасына ҚДКҚ кепілдігімен қорғалған. Тарату комиссиясына депозиттері кепілдік берілген ең жоғары сомадан асатын немесе төленбеген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылардың – 4-ші кезектегі кредиторлардан өтініштер келіп түскен жоқ.



Казинвестбанк

Агент банк:

Төлем – ҚДКҚ-дан тікелей

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

Банкті тарату аяқталған сәттен бастап 1 жыл.

Қазинвестбанк 2017 жылы 27 желтоқсанда барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылды.

2017 жылғы 23 мамырда «Альфа-Банк» Еншілес банкі жеке және заңды тұлғалардың Қазинвестбанкте жалпы сомасы 81 миллиард теңгеге ашылған депозиттік портфелін, сондай-ақ осы банкте орналастырылған, құны 3 миллиард теңге болатын зейнетақы активтері портфелін сатып алды. Есесіне Қазинвестбанктің активтеріне ие болды.

Қазинвестбанкте Қазақстанның банк секторы тарихында тұңғыш рет лицензиясынан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке біржола өткізу мәмілесі арқылы салымшылардың құқықтарын қорғау мүмкіндігі жүзеге асырылды.

«Альфа-Банк» Еншілес банкі жеке тұлғалардың депозиттерін толық көлемде қабылдады. Берілген депозиттердің жалпы көлемі 7,8 миллиард теңгені құрады.

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі 2018 жылғы 18 тамызда қабылданып, 2018 жылдың 24 қаңтарында заңды күшіне енді. 13 ақпанда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Альфа-Банк» Еншілес банкіне Казинвестбанк активтері мен міндеттемелерін берген күннен кейін шоттарында оң қалдықтар пайда болған салымшыларға өтем төлей бастады.

ҚДКҚ Қазинвестбанк активтерін «Альфа-Банк» Еншілес банкіне бергеннен кейін шоттарында оң қалдықтар пайда болған салымшыларға депозиттерін толығымен өтеді. Өйткені бұл түсімдердің сомасы кепілдік берілген ең жоғары сомадан аспайды. Төлемнің жалпы сомасы 2 миллион теңгені құрады, ал өтем алуға құқығы бар салымшылар саны - 70 адам болды. 2020 жылдың басына қарай өтем алу үшін барлығы 10 адам өтініш берді. Бұл алғашқы төлем сомасының 91%-ын құрады.

2018 жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өз бетімен өтініштер қабылдап, өтемдерді төлеп жатыр. Өтінішті поштамен жолдауға немесе ҚДКҚ-ның Алматыдағы бас кеңсесіне және Нұр-Сұлтандағы өкілдігіне тікелей келіп тапсыруға болады. Қор өтінішті қарап, ақшаны өтініште көрсетілген деректемелер бойынша қолма-қол ақшасыз төлеммен аударады.

ҚДКҚ-ның өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері салымшыға тиесілі сомаға қарамастан, банкті тарату үдерісі аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде жарамды болады.

Өтініштер тікелей келу немесе пошта арқылы ҚДКҚ-ның Алматыдағы бас кеңсесінде және Нұр-Сұлтандағы өкілдігінде қабылданады:
Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғ., 136, 8 қабат;
Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көш., 11, 104 кеңсе.

Заявление о выплате возмещения в Фонде (для банков на ликвидации).doc

46.592 KB




Жеке өтініш

ҚДКҚ-ға тікелей келіп өтініш білдірген кезде өтініштен басқа өзіңізде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болсын.


Пошта арқылы

Егер өтінішті пошта арқылы жолдасаңыз және өтем сомасы бір мың теңгеден асатын болса, өтініште қойылған қол нотариалды түрде куәландырылған болуы қажет. Өтінішке қоса жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі де берілуі тиіс.


Сенімхат бойынша

ҚДКҚ салымшылардың сенім білдірген тұлғаларының өтініштерін қабылдайды. Сенімхатты нотариус куәландыруға тиіс.


Агент банк бас сенімхатты, сондай-ақ арнайы немесе бір жолғы сенімхатты қабылдайды. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда салымшының өкілі сенімхат пен оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады. Аудармасы да нотариалды куәландырылған болуы тиіс. Апостиль қою немесе консулдық заңдастыру қажет болуы мүмкін.




Банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша төлем сомасына қатысты Қор алдындағы міндеттемелері толық көлемде орындалды. ҚДКҚ пайдасына жасалған төлем сомасы 2,1 миллион теңгені құрады. Осы міндеттемелер орындалған сәттен бастап ҚДКҚ «Казинвестбанк» АҚ тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетінің құрамына қатыспайды.


«Қазинвестбанк» АҚ тарату комиссиясына депозиттері кепілдік берілген ең жоғары сомадан асатын немесе төленбеген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылардың – 4-ші кезектегі кредиторлардан өтініштер келіп түскен жоқ.



Наурыз Банк Қазақстан

Агент банк:

Төлем – ҚДКҚ-дан тікелей.

Өтініштерді қабылдау мерзімі:

30.03.2020ж.

Наурыз Банктегі тарату үдерісі 2019 жылы 28 наурызда аяқталды.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамаға сәйкес, ҚДКҚ салымшылар алдындағы міндеттемелері қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады — тиісінше, Наурыз банктің салымшылары ҚДКҚ-дан 2020 жылғы 28 наурызға дейін өтем алуға құқылы.

Өтініштер тікелей келу немесе пошта арқылы ҚДКҚ-ның Алматыдағы бас кеңсесінде және Нұр-Сұлтандағы өкілдігінде қабылданады:
Алматы қ., A25D6H8, Достық даңғ., 136, 8 қабат;
Нұр-Сұлтан қ., Z00T6E0, Иманов көш., 11, 104 кеңсе.



Жеке өтініш

ҚДКҚ-ға тікелей келіп өтініш білдірген кезде өтініштен басқа өзіңізде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болсын.


Пошта арқылы

Егер өтінішті пошта арқылы жолдасаңыз және өтем сомасы бір мың теңгеден асатын болса, өтінішке қойылған қол нотариалды түрде куәландырылған болуы қажет. Өтінішке қоса жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі де берілуі тиіс.


Сенімхат бойынша

ҚДКҚ салымшылардың сенім білдірген тұлғаларының өтініштерін қабылдайды. Сенімхатты нотариус куәландыруға тиіс.


Агент банк бас сенімхатты, сондай-ақ арнайы немесе бір жолғы сенімхатты қабылдайды. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда салымшының өкілі сенімхат пен оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады. Аудармасы да нотариалды куәландырылған болуы тиіс. Апостиль қою немесе консулдық заңдастыру қажет болуы мүмкін.


Мұрагерлер

ҚДКҚ мұрагерлердің және олардың сенім білдірген адамдарының өтініштерін қабылдайды.


Мұрагерлер мұраға құқық немесе мұра қалдырушының ақшасын пайдалану құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.




«Наурыз Банк Қазақстан» АҚ тарату үдерісі 2005 жылдың 02 желтоқсанынан бастап жалғасты. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің деректері бойынша «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ-тың «таратылды» деген мәртебесі бар. Оған негіз болатын құжат – уәкілетті әділет органының таратуды мемлекеттік тіркеу туралы 2019 жылғы 28 наурыздағы №1265р бұйрығы.