Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Салымшы өтем алуы үшін қандай құжаттарды ұсынуы қажет?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің (ислам банктерін қоспағанда барлық қазақстандық банктердің) депозиторларының құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қатысушы банктер барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ оның салымшыларына заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде кепілді өтем төлейді.


Өтем алу үдерісі қарапайым және айқын: ҚДКБҚ-ға, сондай-ақ Қор таңдаған агент банкке тиісті өтінішпен жүгініп (өтініш нысаны ҚДКБҚ сайтында орналастырылған, сондай-ақ оны агент банктен де алуға болады), жеке куәлікті ұсынса жеткілікті.     


Алайда кейде салымшы қандай да бір себептерге байланысты өзі жүгінуіне мүмкіндігі болмай жатады. Мұндай жағдайда мына тұлғалар (өтініш берушілер) өтініш беруге құқылы:


ü    салымшының сенімхат бойынша өкілдері;

ü    салымшының заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы);

ü    салымшының мұрагерлері;

ü    кепілді өтем алу құқығына ие өзге де тұлғалар.


Өтініш берушілердің әрбір санатына өтем алу жөніндегі өтінішке қоса басқа да құжаттар тапсыру талап етіледі.


Мысалы, салымшының сенімхат бойынша өкілі жеке басын куәландыратын құжат пен нотариус куәландырған сенімхатты ұсынуы тиіс. Егер сенімхат шет тілінде рәсімделген болса, онда оның мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған және нотариус арқылы куәландырылған аудармасын да ұсынған жөн. Қажет жағдайда мұндай сенімхаттарға апостиль қою немесе консулдық заңдастыру талап етілуі мүмкін.


Егер кепілді өтем алуға салымшының заңды өкілі (ата-анасы, асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) жүгінетін болса, басқа құжаттар топтамасы талап етіледі;

кәмелетке толмаған, жасы 14-ке жетпеген салымшының ата-анасы – атына депозит ашылған баланың туу туралы куәлігін және өзінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлігін) ұсынады (егер салымшы 14-18 жасқа толған болса, ата-анасының немесе ата-анасының бірінің жазбаша рұқсатымен өзі жүгіне алады);

салымшының қорғаншысы немесе қамқоршысы – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ бала асырап алғаны немесе қыз асырап алғаны туралы құжаттар ұсынады. Егер кәмелетке толмаған балаға патронат түрінде қорғаншы рәсімделген болса, патронаттық ата-ана мен қорғаншы және қамқоршы органы арасында баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт, қорғаншы және қамқоршы органы берген қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы куәлік талап етіледі.


Кепілді өтемді салымшының мұрагері алатын жағдайда ол растаушы құжаттар ретінде мұрагердің мұра алу құқықтарын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариус куәландырған көшірмелерін (мұраға құқық туралы куәлік) және өзінің жеке басын растаушы құжатты ұсынады.


Егер өтініш беруші салымшының депозиті бойынша кепілді өтемді алу құқығына ие өзге тұлға болса, онда кепілді өтем алу үшін ол жеке басын куәландыратын құжатты және кепілді өтемді алу құқығын растайтын құжаттарды (мысалы, сот шешімі) ұсынады.


Есіңізде болсын, өтем төлеуге өтініштер қабылдау – ҚДКБҚ төлемнің басталғаны туралы хабарламаны жариялағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде басталады және ол 1 (бір) жыл бойы жалғасады. Өтем төлеу рәсімі өтініш және басқа да қажетті растаушы құжаттар келіп түскен күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.


Бұл ретте Қорда салымшыларға кепілдік берілген қаражатты шұғыл түрде қайтару үшін барлық ұйымдастыру шаралары алдын ала қарастырылып қойылған. Біз сонымен қатар салымшыларға төлемдердің кезеңі және орындары, сондай-ақ құжаттарға қатысты талаптарды түсіндіре отырып, оларды өтініш беру әдістері туралы барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеміз. 

 

Осылайша айқын рәсімдер және салымшаларды уақтылы хабардар етудің арқасында ҚДКБҚ Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын және оған деген сенімді нығайта отырып, салымшылар алдындағы өз міндеттемелерінің лайықты және тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.


Банк лицензиясынан айырылған жағдайда кепілді өтемді төлеу тәртібі туралы ақпаратты ҚДКБҚ веб-сайтынан (kdif.kz) сайтынан таба аласыз. Сонымен қатар сауалдарыңызды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауыңызға болады немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ-ның байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндігіңіз бар.