Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ кепілдіктері қандай қаржы құралдарына беріледі?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) еліміздің банк жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Банк лицензиясынан айырылған жағдайда ҚДКБҚ салымшылардың депозиттеріне кепілдік бере отырып, олардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Алайда қандай қаржы құралдарына кепілдік берілетіндігін білу қажет. Сонда салымшылар өздерінің қаражаттарына қатысты ақылға қонымды, байыпты шешімдер қабылдай алады. Енді Қор кепілдіктері қандай қаржы құралдарына қолданылатындығын қарастырып көрелік.        


ҚДКБҚ жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің теңгедегі және шетел валютасындағы салымдарына, сондай-ақ төлем карточкалары мен банк шоттарында жатқан ақшаларына кепілдік береді. Бұл ретте банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болуы керек. Бүгінде елімізде ислам банктерін қоспағанда, депозиттік өнімдері бар барлық екінші деңгейдегі банктер осы жүйеге қатысады. Қатысушы банктердің тізімін мына жерден қарап білуге болады.


Максималды кепілдік сомасы салымдардың түрі мен валютасына тікелей байланысты. Бұл ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша – 20 млн теңгені, ұлттық валютадағы өзге салымдар, карточкалар мен шоттар бойынша – 10 млн теңгені және шетел валютасындағы салымдар, карточкалар мен шоттар бойынша – 5 млн теңгені құрайды. Өтем сомасы, оның ішінде шетел валютасында ашылған депозиттер бойынша тек қана теңгемен төленеді. Бұл жағдайда есептеу үшін банк лицензиясынан айырылған күнге қарай белгілі болған нарықтық валюта айырбастау бағамы қолданылады. Айта кетелік, кепілдік аясында салымдар бойынша банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақылар да төленеді.    


Маңызды: егер бір банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозит (салымдар) орналастырылған болса, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдық сомаға кепілдік беріледі. Бірақ әрбір салым түрі бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып, салымшыға берілетін жиынтық максималды өтем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды. Нақты депозиит бойынша максималды кепілдік сомасын банкпен шарт жасасу барысында білесіз. Одан басқа, салымның түрі, валютасы және қаражатты мерзімінен бұрын алу талаптары секілді маңызды мағлұматтар бөлек құжатта көрсетіледі (онлайн түрінде – банктің мобильді қосымшасы/сайты арқылы, ал жазбаша – оның бөлімшелерінде).


ҚДКБҚ кепілдік берілген максималды сомадан асырмау керектігін ескертеді. Ал егер жинақ ақшаңыз шекті сомадан асатын болса, сол артық ақшаға басқа банктен қосымша депозит ашқан жөн. Өйткені егер салымшының бiр емес, бірнеше банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше салымы бар болса, оларға қатысты өтем сомасы әрбір банк бойынша жеке-жеке төленеді.


Банк лицензиясынан айырылған сәтте депозиттегі қаражат максималды кепілдік сомасынан асатын жағдайда, бұл артық ақшаны банктің тарату комиссиясынан «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен алуға болады. Ал тарату комиссиясын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тағайындайды.   


Атап өту керек, 2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың банктердегі шоттарының саны 149 188 984 бірлікті құрайды. Бұл ретте шоттардың 99,8%-ы Қор кепілдігімен толық көлемде қорғалған. Есіңізде болсын, банк шоты немесе банк салымы шартын жасасқан сәттен бастап, ҚДКБҚ кепілдігі іске қосылады.


Қор тарапынан кепілдік берілмейтін салымдар:


·        ислам банктеріндегі, оның ішінде шетелдік ислам банктерінің Қазақстан аумағында ашылған филиалдарындағы депозиттер;

·        депозиттік сертификаттар;

·        жеке тұлғалардың металл шоттары;

·        банк ұяшықтарында сақталуда жатқан ақшалар мен құнды заттар;

·        заңды тұлғалардың депозиттері.

 

Сұрақтар туындаған жағдайда 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына жүгінуге мүмкіндік бар немесе сұрақтарды info@kdif.kz поштасына не @kdif_ask Telegram-чатына жолдауға болады.