Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

ҚДКБҚ дәрісі: студенттер үшін қаржылық қауіпсіздік жолы

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) студенттер үшін меймандық дәрістер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы оқыту дәрісі Алматы экономикалық колледжінің 2 курс студенттері арасында өткізілді. Шара барысында студенттер депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құнды тәжірибелік дағдыларды меңгерді.     


ҚДКБҚ баспасөз хатшысы Нұргүл Салықжанова банк қызметіне қатысты ықтимал тәуекелдер жағдайында меншікті қаржыны қорғау қажеттігіне байланысты маңызды мәселелерді көтерді. Ол студенттерге Қордың атқаратын қызметері мен міндеттері, сондай-ақ банк қаржылық қиындықтарға тап болған жағдайда салымшыларға кепілді өтем төлеу механизмдері жайында жан-жақты әңгімелеп берді. 


лекция Нургуль.jpg  

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда оған салынған ақшаны жойылу қаупінен қорғау тақырыбы дәрістің басты сұрағына айналды. Баспасөз хатшысы қолда бар ақшаны сақтау және молайту үшін сенімді қаржы институтын таңдаудың және Қор үнемі айтып келе жатқан әртараптандыру қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Ол депозиттердің жиынтық сомасы Қор тарапынан кепілдік берілген шекті сомадан асатын болса, қаражатты сол шекті сомадан асырмай, әртүрлі банктерде сақтау керектігін еске салды. Өйткені бірнеше қаржы институтында орналастырылған қаражаттарға әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі.


Бұл ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша – 20 млн теңгені, ұлттық валютадағы өзге салымдар, карточкалар мен шоттар бойынша – 10 млн теңгені және шетел валютасындағы салымдар, карточкалар мен шоттар бойынша – 5 млн теңгені құрайды. Егер бір банкте түрі мен валютасына қарай әртүрлі бірнеше депозит орналастырылған болса, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдық сомаға кепілдік беріледі – ол 20 млн теңгеден асырылмайды.


Дәрістің интерактивті бөлігінде студенттер белсенділік танытты. Олар сұрақтар қойып, ұсынылған ақпаратты қызу талқылады. Болашақ жас мамандардың ерекше қызығушылық танытуы қаржылық мәселелерді терең түсінгендіктерін және өздерінің қаржылық қауіпсіздігіне байыппен қарайтындықтарын білдіреді.


лекция Н 2.jpg


Дәріс жаңа білім көзіне айналып қана қоймай, студенттер арасында қаржылық сауаттылықты дамытуға серпін берді. Олардың белсенді қатысуы болашақта осындай шараларды тағы да өткізу қажеттігін растайды. Бұл студенттердің қаржылық құқықтар мен міндеттер туралы өз түсініктерін жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар қаржылық шешімдерге жауапкершілікпен қарауға үндейді.