Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

Алматы қ., A15P5B5, Сәтбаев к., 30/8, 4-қабат

Астана қ., Z01А5АF2, Малика Габдуллина көшесі, 18, №5-кеңсе

Тел: +7 (727) 312-24-49

«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ң салымшылары тікелей ҚДКБҚ-нан кепілдік берілген өтемді ала алады

2019 жылдың 6 қарашасынан бастап «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу үшін тікелей ҚДКБҚ-на жүгіне алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін агент банк қызметін атқарған «Қазпошта» АҚ 2019 жылдың 4 ақпанынан бастап «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ң салымшыларына төлем жасаған болатын. Мәжбүрлеп таратылатын «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшыларының саны салыстырмалы түрде аз болғандықтан – барлығы 272 салымшы, сондай-ақ олар Қазақстанның тек бес қаласында тұрғандықтан, кепілдік берілген өтемді төлеу Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Петропавл қалаларында «Қазпошта» АҚ орталық операциялық учаскелерінде (ЖБО) жүзеге асырылды.

ҚДКБҚ-ның БАҚ-да, оның ішінде теледидарда «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары үшін өз қаласында кепілдік берілген өтемді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ ҚДКБҚ ағымдағы жылдың тамыз айында «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төлеу мерзімін қосымша үш айға ұзарту туралы бірнеше рет таратылған ақпаратқа қарамастан, төлем алу үшін әлі 155 адам хабарласқан жоқ. Енді олар Алматы және Нұр – Сұлтан қалаларындағы тікелей ҚДКБҚ кеңселерінде өтемақы алуға өтініш бере алады немесе құжаттарды поштамен жібере алады.

ҚДКБҚ -нан өтем алу үшін салымшыдан: кепілдік берілген өтемді алуға өтініш және оның жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Өкілдің сенімхат бойынша өтініш беруіне де жол беріледі. Жоғарыда көрсетілген құжаттар келесі тәсілдердің бірімен ұсынылуы мүмкін:

1) ҚДКБҚ кеңселерінде Қордың уәкілетті тұлғасына тікелей жеке өзі тапсыру;
2) пошта арқылы жіберу. Мұндай тәсілді таңдаған кезде салымшы кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді алу туралы өтініштегі өз қолын, егер алуға ұсынылған кепілдік берілген өтем сомасы 1 000 (бір мың) және одан көп теңгені құраса, нотариалды куәландыруы тиіс. Өтінішке салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса жіберілуі тиіс.

Салымшылардың «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-на талап ету құқықтары расталған кезде ҚДКБҚ салымшыға өтініште көрсетілген деректемелер бойынша өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік берілген өтем төлейді.

«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің бастапқы сомасының 99% - ын ҚДКБҚ қазірдің өзінде орындады. Талап етілмеген сома 1,5 миллион теңге шамасында қалып отыр, әрбір үшінші салымшының шоттағы қалдығы 500 теңгеден кем, орташа талап етілмеген депозит 24 мың теңгені құрайды.

ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ және «Астана Банкі» АҚ салымшыларына тағы да бірнеше ай ішінде құжаттарды нотариалдық ресімдеуге және оларды пошта арқылы жіберуге артық шығынсыз өз қаласында агент банктен өтініш беру және кепілдік берілген өтемді алу мүмкіндігі бар екендігі туралы ескертеді.

Салымшылар кеңес алу үшін телеграмм-чат @kdif_ask, 1460 тегін қысқаша нөмірі бойынша ҚДКБҚ call-орталығына жүгіне алады немесе ҚДКБҚ www.kdif.kz интернет-ресурсында сауал қалдыра алады.

Анықтама

2018 жылғы 28 қарашадағы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді.

«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ның салымдарында, ағымдағы шоттарында және төлем карточкаларында орналастырылған ақшаға кепілдік берілген өтемақы алуға жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер құқылы. Өтем жинақталған сыйақыны ескере отырып, салым қалдығы, банктік шоттағы немесе төлем карточкасындағы ақша сомасы шегінде, бірақ депозиттер бойынша ең жоғары кепілдік сомасынан аспайтын мөлшерде төленеді:

ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теңге;
15 миллион теңге – бір салымшының «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-да бір мезгілде теңгемен және шетел валютасымен орналастырылған депозиттері бойынша (шетел валютасындағы депозит бойынша 5 миллион теңге баламасынан артық емес).

Сыйақы 2019 жылғы 16 қаңтардағы жағдайы бойынша капиталдандырылған сыйақы сомасы шегінде (депозиттік шоттарға төленген, салымдарды, банк шоттарын немесе төлем карточкаларын қоса алғанда) кепілдік берілген өтем төленетін болады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кеіплдік берілген өтем теңгемен төленеді. Өтем сомасын есептеу үшін 2019 жылғы 16 қаңтардағы нарықтық айырбас бағамы қолданылады.