Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кеңсесін ашу туралы ақпараттық хабарлама


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Нұр-Сұлтан қаласында өз кеңсесінің ашылғаны туралы хабарлайды. Елордалық кеңсе Нұр-Сұлтан қаласындағы және республиканың іргелес аймақтарындағы мәжбүрлеп таратылатын банктер салымшыларының өтініш-шағымдары мен өтініштерін жедел қарауға мүмкіндік береді.

Кеңсе депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің депозиттері болып табылатын жеке тұлғалармен жұмыс жүргізеді:

- кепілдік берілген өтемді төлеуге құжаттарды, сондай-ақ өтініштерді (шағымдарды) қабылдау;
- Қордың қызметі және депозиттерге кепілдік беру жүйесі мәселелері бойынша кеңес беру.

Барлық сұрақтар бойынша салымшылар Нұр-Сұлтан қ., «Нұр-сәулет» Бизнес орталығы, Иманов к-сі, 11 үй, 104 кабинет, тел.: 8 701 494 83 70, 8 776 192 28 38 мекенжайы бойынша орналасқан Қордың кеңсесіне хабарласа алады.

Анықтама

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ – бұл 1999 жылы екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. ҚДКБҚ банк қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің ақшасын қайтару бойынша депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 26 банк қатысуда.

Салымшылар депозиттері бойынша кепілдік туралы 1460 телефоны бойынша (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін), ҚДКБҚ-ның @KDIF_Ask телеграм-чатында, ҚДКБҚ-ның @KDIFKZ Facebook, Deposit_KZ Instagram ресми парақтарынан ҚДКБҚ мамандарының кеңесін ала алады.

 

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!