Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына төлеу мерзімін ұзартады


«Астана Банкі» АҚ салымшылары «Еуразиялық банк» АҚ-ның (агент банкі) барлық филиалдары мен бөлімшелерінде тағы жарты жыл ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) өтемақы алуына мүмкіндігі пайда болды. ҚДКБҚ және «Еуразиялық банк» АҚ тиісті келісім жасасты.

Төлем басталған сәттен бастап 2019 жылдың 26 қаңтардан «Астана Банкі» АҚ-ның 52 мың салымшысы агент банкке өтемақыны алу үшін өтініш жасады. Жалпы сомасы 36,9 млрд. теңгеге өтемақы төленді. Осылайша, ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерін 98,4% -ға өтеді.

Қалған 1,6%-ы – бұл, негізінен, шоттардағы шағын қалдықтар, оларды алуға адамдар, әдетте, асықпайды. Атап айтқанда, «Астана Банкі» АҚ салымшыларының 64%-ы бір мың теңгеден аз депозиттерге, ал салымшылардың 79%-ы – бес мың теңгеден аз депозиттерге ие болған. «Астана Банкі» АҚ-ның төлемді қайтаруға жүгінбеген салымшыларының саны 216 мың адамды құрайды.

Төлем басталғаннан кейін жарты жылдан соң «Астана Банкі» АҚ-ның салымшылары агент банкке өтініш беруді жалғастыруда. Соңғы айда агент банкке күніне 34-тен 115-ке дейін өтініштер келіп түсті, төлемдер сомасы күніне 1,7-ден 9,6 миллион теңгеге дейін құрады.

ҚДКБҚ және «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өз қаласында, өз ауданында өтемақы алуға жүгіну мүмкіндігін, сондай-ақ жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді орынды деп есептейді. Агент банктің Қазақстанның 33 қаласында 17 филиалы мен 114 бөлімшелері әрекет етуде, ал ақша беру немесе ақша аудару операциясы 15 минуттан аспайды. Ең жақын филиалды табуға және кезектің бар-жоғын тексеруге eubank.kz сайтында болады. Өтемақы алу үшін кез келген бөлімшеге кез келген жұмыс күні 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін хабарласуға болады.

Салымшы үшін жалғыз ғана қажетті құжат – жеке куәлігі мен өтініш, оның бланкін агент банктің бөлімшесінде алып толтыруға болады. Сенімді тұлғаның да өтініш беруіне рұқсат етіледі – бұл жағдайда өтеуді алуға нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі.

Салымшының таңдауы бойынша ақша қолма-қол ақшамен немесе кез келген банкте салымшының ағымдағы шотына аудару арқылы төленуі мүмкін, сондай-ақ ақшаны қайтару сомасына агент банкте депозит аша аласыз. 90%-ға жуық салымшылар бір күн ішінде төлем алады; сенімхат бойынша берілетін өтініштерді өңдеу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда 5 жұмыс күні ішінде өңделеді.

ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ-да ашылған ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары, салымдар бойынша өтемақы төлейді:

  • теңгедегі депозиттері бойынша – капиталдандырылған сыйақыны ескере отырып, депозит сомасына, бірақ 10 миллион теңгеден аспайтын мөлшерде,
  • шетел валютасындағы депозиттер бойынша – капиталдандырылған сыйақыны ескере отыраып, депозит сомасына, бірақ 5 миллион теңгеден аспайтын мөлшерде.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді (есеп айырысу үшін 2019 жылғы 9 қаңтардағы валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады).

«Астана Банкі» АҚ-да бір мезгілде теңгеде және шетел валютасында орналастырылған бір салымшының салымдарына 15 миллион теңгеге дейін жинақталған өтемақы төленеді, ал шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге эквивалентінен аспайтын мөлшерде.

«Астана Банкі» АҚ-ның 267 420 салымшыларының депозиттері (99,6%) толық көлемде кепілдікпен қамтылған. Бұл салымшылар агент банкте жинақталған (капиталдандырылған) сыйақысын есепке ала отырып, депозиттің толық сомасы бойынша ақшаны алып үлгерді немесе алуға құқылы.

Депозиттерге кепілдік беру жөнінде мамандар кеңесін ҚДКБҚ байланыс орталығынан 1460 қысқа нөмірі бойынша, @KDIF_Ask Телеграм-чатында, және әлеуметтік желілерінде: Facebook-та @kdifkz, Instagram-да: Deposit_KZ тегін алуға болады.

«Еуразиялық банк» АҚ агент банкінің филиалдары мен бөлімдерінің тізімімен eubank.kz веб-сайтында танысуға болады. Филиалдар мен бөлімдер туралы ақпаратты байланыс орталығынан да алуға болады:

+7 (771) 000 7722 – Beeline абоненттеріне

+7 (700) 000 7722 – Tele2 /Altel абоненттеріне

+7 (702) 010 7722 – Activ /Kcell абоненттеріне

Анықтама

2018 жылғы 18 қыркүйекте «Астана Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылды.

2018 жылғы 26 қарашада Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана Банкі» АҚ мәжбүрлі тарату туралы шешім қабылдады.

Алматы қалалық соты тоғыз өтінішті қарап, оларды қанағаттандырусыз қалдырғаннан кейін, 2019 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласы МАЭС-ның 2018 жылғы 26 қарашадағы шешімі заңды күшіне енді.

2019 жылдың 26 қаңтарында «Еуразиялық банк» АҚ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры атынан және оның қаражаты есебінен салымшыларға - жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге өтемақы төлеуге кірісті. Алғашқы екі күн ішінде, 26-27 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ Астана Банкінің салымшыларына 23,1 млрд. теңге - міндеттемелердің жалпы сомасынан 62%-ын төледі. Осы екі күн бойы агент банктің бөлімдері өз клиенттеріне қызмет көрсетпеген еді.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!