Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің көтерілуінен кейін мерзімсіз салымдар бойынша шекті мөлшерлемені көтереді


Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады. Кеше, 9 қыркүйек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9%-дан 9,25% - ға дейін көтерілгенін жариялады.

ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің артуынан кейін мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені 9,5%-дан 9,8%-ға дейін арттырады.

Өзгерістер бүгін, 10 қыркүйекте күшіне енеді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы.

Ұлттық Банктің бұл шешімі жаңадан тартылатын үш ай мерзімді салымдарға да қатысты болады.

  Толықтырусыз Толықтырумен
Мерзімсіз салымдар 9,8% 9,8%
Мерзімді салымдар    
3 ай 10,3% 10,3%

 

Алты ай мерзімді салымдар және барлық жинақ салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер өзгермейді, өйткені базалық мөлшерлеменің қозғалысына байланысты емес. Осы салымдар бойынша шекті мөлшерлеменің келесі өзгерісі қыркүйек-қазан айларында болады.

Анықтама

30 шілдеде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жинақ, мерзімді және мерзімсіз салымдар бойынша сыйақының шекті мөлшерлерін есептеудің жаңа әдістемесіне көшкені туралы жариялады.

Қыркүйек айынан бастап ҚДКБҚ ай сайын теңгемен салымдардың барлық түрлері бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесінің кестесін жариялайтын болады.

Енді мерзімді емес бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері Ұлттық Банк шешім қабылдайтын базалық мөлшерлемеге байланысты. Базалық мөлшерлеме тоқсанына екі рет қайта қаралады. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме туралы шешімді тағы екі рет жариялауды жоспарлап отыр.

Алты айдан бастап мерзімге орналастырылатын теңгедегі жинақ және мерзімді салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелері нарықтық трендтер негізінде есептеледі.

Әр айға ұсынылатын жаңа ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері ай сайын жарияланады және олардың қолданылуы кезеңінде салымның мерзімін ұзартуды қоспағанда, бұрын ашылған салымдарға қолданылмайды.

Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!