Контрастты ауыстыру
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Әдеттегі нұсқа

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының байланыс орталығы:

1460

(Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)

Жарияланымдар мен баспасөз релиздері
Барлығы депозиттерді кепілдендіру жайлы
Видеоны көру 20 секунд
info@kdif.kz
Жедел байланыс: 1460
Қабылдау бөлмесі: 8(727)3122449

ҚДКБҚ теңгедегі депозиттер бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәсілін өзгертеді


Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Енді, қыркүйектен бастап:

1) ҚДКБҚ депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді бұрынғыдай тоқсан сайын емес ай сайын жариялайтын болады,

2) шекті сыйақы мөлшерлемені есептеу кезінде ҚДКБҚ екі мәннің біреуіне сүйенеді: орташа өлшемдінарықтық сыйақы мөлшерлемесіне немесе Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне – салым түрі мен мерзіміне байланысты.

Сонымен, мерзімсіз депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі базалық мөлшерлеме плюс спредке тең болады.

3 және 6 айлық мерзімді және жинақ салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі келесі мәндердің ең үлкеніне тең болады: орташа өлшемдінарықтық сыйақы мөлшерлемесі плюс спред немесе ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі плюс спред.

12 және 24 айлық мерзімді және жинақ салымдар бойынша шекті мөлшерлеме орташа өлшемдінарықтық мөлшерлеме плюс спредке тең болады.
Қазіргі сәтте, «базалық мөлшерлеме + спред» салымшыларға инфляциядан жоғары нақты кірістілікті, ал «орташа өлшемдінарықтық мөлшерлеме + спред» формуласы жоғары кірістілікті қамтамасыз етеді. Мысалы, инфляцияның жоғарғы дәлізі 2019 жылдың соңына қарай 6%-ды, ҚРҰБ-ның ағымдағы базалық мөлшерлемесі 9%-ды, ал ең талап етілген 12 айға ашылған толықтырусыз жинақ салымдар бойынша орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемесі соңғы кезеңде 12,5%-ды, 24 айға ашылғаны бойынша – 13,2%-ды құрайды.

Іс жүзінде ҚРҰБ тоқсанына екі рет базалық мөлшерлеме бойынша шешімді жариялайды. Ресми ақпарат nationalbank.kz веб-сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында қолжетімді. Спред деп мәні пайыздық тармақтарда көрсетілген базалық немесе нарықтық мөлшерлемегеқосымша кірістілікті атайды.

Мысалы, ағымдағы базалық мөлшерлеме 9% плюс спред 0,5 пайыздық тармақ – бұл 9,5%. Спред мәнін ҚДКБҚ Директорлар кеңесі бекітеді.

ҚДКБҚ орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемесін тартылған депозиттер көлемін ескере отыра, есептік айда нарықта тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі негізіндеай сайын есептейтін болады.

Сыйақының ұсынылған ең жоғарғы мөлшерлемелерін есептеу әдіснамасында жаңалықтар тиімділіктің, жеделдік пен тәуелсіздіктің өсуіне бағытталған.
Біріншіден, ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі қысқа мерзімді кезеңдегі ақша құнының басты экономикалық индикаторы болып табылады. Енді әдіснаманың өзгеруімен бірге қысқа уақыт ішінде депозиттер нарығындағы сыйақы мөлшерлемелері нарықтағы ақшаның ағымдағы құнына сәйкес келетін сыйақы мөлшерлемесін көрсетеді. Бұл принцип мерзімсізсалымдар сегментіне, сондай-ақ 6 айға дейінгі мерзімді және жинақ салымдарға қатысты болады.
Екіншіден, банк секторында ақша-несие жағдайларының өзгеруіне неғұрлым жедел жауап қайтарумүмкіндігі пайда болады. Мәселен, 2018 жылдың қыркүйек айының басында жарияланған шекті мөлшерлемелер сызғышы қазаннан желтоқсанға дейін жұмыс істеді, ал сол кезеңде базалық мөлшерлеме бойынша екі шешім жарияланды. Осы кезеңде базалық мөлшерлеме 0,25 пайыздық тармаққа артты, яғни нарықтағы ақша құны өсті. ҚДКБҚ ұсынған ең жоғары мөлшерлемелер және, сәйкесінше, банктердегі депозиттер бойынша шарттар нарықтағы ақша құнының өзгеруін ескере алмады.

Үшіншіден, мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесіне бастапқыда тәуелсіз нарықтық баға белгілеу принципі салынған. Алайда мерзімді және жинақ салымдар - бұл нарықта ағымдағы сәтте бір жылдан аз уақыт қолданыста болған, Қазақстан үшін жаңа қаржы құралы. Сондықтан егер өтпелі кезең ішінде мерзімді депозиттер нарығын дамытуды қолдау мақсатында сараптамалық пікірді ескере отырып, ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін белгілеудің объективті қажеттілігі туындаса, қазіргі кезде бұл нарықтың эволюциясына қарай жеткілікті статистикалық мәліметтер жинақталған және нарықта бәсекелестік жағдайлар туған кезде, нарықтық көрсеткіштерге сүйене отырып депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге көшуге мүмкіндік туды.

Нарықтық сыйақы мөлшерлемелері негізінде баға белгілеу моделі басқа елдерде қолданылады. Мысалы, АҚШ-тың Федералдық депозиттерді сақтандыру корпорациясы (Federal Deposit Insurance Corporation) нарықтық мәндер негізінде жеткіліксіз капиталдандырылған банктер тартқан депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелеріне апта сайын шектеулер белгілейді. Қазір шекті мөлшерлемелер депозиттің мерзіміне, түріне және сомасына қарай жылдық 0,81%-дан 1,91%-ға дейінгі диапазонда ауытқып отырады.

Ресей Федерациясында Ресей Банкі табыстылықтың базалық деңгейін анықтайды, одан асып түсу банктің салымдарды сақтандыру жүйесіне қосқан салымының сомасына әсер етеді. Табыстылықты базалық деңгейі ай сайын рубльдегі және шетел валютасындағы салымдар үшін әр түрлі мерзімдерге жарияланады - үш айдан бір жылға дейін немесе одан жоғары. Базалық деңгей десалымдар бойынша нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне сүйенеді.

Анықтама 

Жаңа ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері жаңадан тартылған депозиттерге қатысты болады. Салымшылар үшін ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің ауысуы жаңа депозиттік өнімдерді шығаруды немесе қолданыстағы депозиттер бойынша талаптарды қайта қарауды қажет етпеуі мүмкін: банктердегі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері бір ай ішінде іс жүзінде өзгеруі немесе төмен кезеңділікпен өзгеруі мүмкін. Жаңадан тартылған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің өзгеру жиілігі, нарықта жеке тұлғаларға арналған жаңа депозиттердің шығуы әр банктің депозиттік саясатына байланысты.

ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің жарналарының мөлшерлемелерін реттеу үшін 2008 жылғы 1 шілдеден бастап сыйақының ең үлкен мөлшерлемелерін белгілейді.

2018 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда салымшылардың әр түрлі қажеттіліктеріне жауап беретін салымдар жіктемесі жұмыс істейді. Жинақтау салымдары ең жоғары мүмкін сыйақы мөлшерлемесін болжайды, ал пайыздарды капиталдандыру ұзақ мерзімді перспективада жинақтаулардың сатып алу қабілеттілігін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен бірге депозит балансының тез өсуі есебінен ірі қаржылық мақсаттарды жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жинақтау салымын мерзімінен бұрын шешіп алу шектелген: мерзімінен бұрын жартылай алуға рұқсат берілмейді, ал ақшаны мерзімінен бұрын толық шешіп алу кезінде беру тек банкке есептелген сыйақы жоғалғандығы туралы хабарлама бергеннен кейін 30 күн өткен соң ғана мүмкін болады. Мерзімді салымдарды дұрыс санайтын салымшылар өз ақшаларын басқаруға анағұрлым оңтайлы. Ақшаны мерзімінен бұрын алуға шектеулер аз болғандықтан, мерзімді салымдар бойынша кірістілік жинақтаау салымдарына қарағанда төмен, бірақ мерзімді емес салымдардың кірістілігінен жоғары.
Мерзімсіз салым – бұл қазақстандықтар үшін ең жақсы таныс қаржы құралы. Мұндай салым кездейсоқ шығындарға жинақтаулар жасайтын және кез келген уақытта ақшаны басқара алу мүмкіндігі маңызды болып табылатын салымшылар үшін жарамды.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігі салымдардың барлық түрлеріне таралады. Кепілдіктің ең үлкен сомасы салымның түрі мен валютасына байланысты:

  • 15 миллион теңге – теңгемен жинақтау салымдары бойынша,
  • 10 миллион теңге – теңгемен мерзімді және мерзімсіз салымдар бойынша,
  • 5 миллион теңге – шетел валютасында салымдардың барлық түрлері бойынша.
Біз Cізге қоңырау шаламыз
Рахмет, жолданды!
Біздің маман жуық арада
Сізбен хабарласады!