Контрастты ауыстыру |
1999 жылы қаржыгерлердің І Конгресінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін құру туралы бастамасымен сөз сөйледі.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату жағдайында салымшыларға міндетті өтем төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады.
Депозиттерге кепілдік берумəселелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңымен жəне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңымен реттеледі.
Депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыру үшін 1999 жылы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (əрі қарай – ҚДКБҚ) құрылды. ҚДКБҚ-ның жалғыз акционері жəне құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады. ҚДКБҚ-ның негізгі миссиясы – қаржылық тұрақтылыққа қолдау көрсету жəне екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын жəне заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сот шешімі бойынша банк қызметі тоқтатылған жағдайда салымшы жеке тұлғаларға олардың банктікдепозиттері бойыншамемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы мөлшерінде өтем төлейді.
Кепілдік ұлттық жəне шетел валюталарындағы депозиттерге таралады.
Барынша толық ақпарат www.kdif.kz сайтында
Жеке тұлғалардың, соның ішінде заңды тұлға құрмаған жеке кəсіпкерлердің, ұлттық жəне шетел валюталарындағы банк шоттарында жəне салымдарында орналасқан ақша қаражаттарына кепілдік беріледі, соның ішінде:
Банкті мəжбүрлеп тарату кезінде банк шотының/ депозиттің иесі ол бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы мөлшерінде кепілді өтем алады.
15 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша,
10 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні қалыптасқан валюта айырбастау бағамы бойынша баламада).
Егер салымшыда бір банкте бір мезгілде теңгемен және шетел валютасында орналастырылған 2 және одан көп депозиттері болса, 15 миллион теңгеге дейін кепілдік өтемі төленеді. Егер Сіздің депозитіңіздің балансы асатын болса, онда ҚДКБҚ өтемнің ең жоғарғы сомасы шеңберінде өтем төлейді. Салымшы ҚДКБҚ-нан өтем алғаннан кейін осы сомадан асатын қалдықты мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы заңнамамен бекітілген кезек тəртіппен өтейді.
Бұл банк мəжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ-ның белгілі бір салымшыға төлейтін ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңына сəйкес салымшы жеке əр банк бойынша əрбір салымшыға келетін ең жоғарғы мемлекеттік кепілдік сомасынан аспайтын мөлшерде депозит(-тер) бойынша қалдық сомасында, есептелген сыйақысыз, кепілдік берілген өтем алады.
Егер банктік депозит шартымен капиталдандыру қарастырылған болса, яғни сыйақы (пайыздар) депозиттің негізгі сомасына қосылатын болса, бұл жағдайда мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы шеңберінде депозиттің барлық сомасы кепілдендіруге жатады.
Егер салымшы шетел валютасында банктік шот ашқан болса, онда банкті мəжбүрлеп тарату жағдайында Қор кепілдік берілген өтемді аталған банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша төлейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ҚР Ұлттық банкінен депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың шоттарын ашуға жəне жүргізуге лицензия алған əрбір банк, ислам банктерін қоспағанда, автоматты түрде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, демек осындай банкке орналастырылған депозит ҚДКБҚ-ның қорғауында болады. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктерінің өзекті тізімін www.kdif.kz сайтынан көруге болады
Заңды тұлғалардың металл шоттары, банк ұяшықтарында орналасқан ақша қаражаттары мен құндылықтары, сонымен қатар ислам банктерінде орналастырылған депозиттер ҚДКБҚ тарапынан кепілдік беруге жатпайды.
Иə, егер сіз депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің бірнеше қатысушы банкіне депозиттер орналастырған болсаңыз, онда Сіздің депозиттеріңізге мемлекеттік кепілдік сомасының ең жоғарғы сомасы шеңберінде осы əрбір банкте бөлек кепілдік берілетін болады.
Банктік заңнамаға сəйкес мемлекеттік кепілдік сыйақыға таралмайды, яғни сыйақы мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясымен өтеледі.
Заңнама бойынша жəне жалпы қалыптасқан банктік тəжірибе бойынша, егер банктік депозит шарты бойынша сыйақыны капиталдандыру қарастырылған болса, онда капиталдандырылған сыйақы депозит балансына қосылады жəне кепілдік объектісі болып табылады.
Өтем сомасын алдын ала оңай жəне жылдам есептеу үшін www.kdif.kz сайтындағы арнайы калькуляторды пайдаланыңыз.
1 мысал
«А» банкіндегі Сіздің банктік депозитіңіз 400 000 теңгені құрайды, осы «А» банкінің еңбекақы картаңыздағы баланс 50 000 теңгені құрайды. Депозит бойынша сыйақы 10 000 теңгені құрайды, капиталдандыру қарастырылмаған. «А» банкі таратылайын деп жатыр. Мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі 1 қаңтарда күшіне енеді.
Сот шешімі күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ «Б» банкі кепілдік берілген соманы төлеу үшін агент етіп тағайындалғаны туралы хабарлайды. Сіз жазбаша өтінішпен «Б» банкіне баруыңыз тиіс. Сіздің шоттарыңыздағы қалдықтар бойынша «Б» банкі арқылы Сізге ҚДКБҚ-нан 400 000 теңге + 50 000 теңге сомасында өтем төленетін болады. 10 000 теңге сыйақы сомасын мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтейді.
2 мысал
«А» банкіндегі сіздің банктік депозитіңіз 11 000 000 теңгені құрайды, осы «А» банкіндегі еңбекақы картаңыздың балансы 50 000 теңгені құрайды. Сыйақы капиталдандырылады; ай басында 90 000 теңге капиталдандырылған, ай басынан бері тағы да 10 000 теңге есептелген. «А» банкі таратылайын деп жатыр.
Кепілдік берілген 10 миллион теңгені алу үшін Сіз ҚДКБҚ өтемді төлеу үшін агент етіп тағайындаған банкке баруыңыз тиіс. Капиталдандырылған 90 000 теңге депозит бойынша қалдығыңызға қосылған, сондықтан тарату комиссиясы кезек тəртібі бойынша Сізге 1 000 000 теңге + 50 000 теңге жəне ай басынан бастап есептелген 10 000 теңгені өтеп береді.
3 мысал
«А» банкінде Сіздің 2 депозитіңіз бар: ұлттық валютадағы депозитте – 4 000 000 теңге, шетел валютасындағы депозитте – 7 000 000 теңге баламада. Сонымен қатар осы банкте Сіздің несиеңіз бар. Несие бойынша сыйақысымен қоса алғанда қалдығыңыз 1 000 000 теңгені құрайды. «А» банкі сот шешімі бойынша таратылайын деп жатыр.
Кепілдік берілген өтем мөлшері мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы шеңберінде кепілдік берілетін депозиттің сомасын жəне Сіздің несиеңіздің сомасын өзара есептесу нəтижесінде алынған айырмашылық сомасынан анықталады.
Аталған жағдайда «А» банкімен өзара есептесу жүзеге асырылады, яғни 4 000 000 + 7 000 000 – 1 000 000 = 10 000 000 теңге. ҚДКБҚ «Б» банкін өтемді төлеу үшін агент етіп тағайындайды. Сіз «Б» банкіне жазбаша өтініш білдіруге жəне «Б» банкі арқылы ҚДКБҚ-нан 9 000 000* теңге сомасында өтем алуға құқығыңыз бар. 1 000 000 теңге мөлшеріндегі қалдық соманы Сізге мəжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтейді.
* шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы балама түрде 5 000 000 теңгені құрайды.
4 мысал
«А» банкінде Сіздің 2 депозитіңіз бар: ұлттық валютадағы депозитте – 8 000 000 теңге, шетел валютасындағы депозитте – 3 000 000 теңге баламада. Сонымен қатар осы банкте Сіздің несиеңіз бар. Несие бойынша сыйақысымен қоса алғанда қалдығыңыз 1 000 000 теңгені құрайды. «А» банкі сот шешімі бойынша таратылайын деп жатыр.
Несие бойынша Сіздің міндеттемелеріңіз есепке алынады, жəне Сіздің өтеміңіздің сомасы мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы шеңберінде Сіздің банкке қоятын талаптарыңыздың жəне несие бойынша міндеттемелеріңіздің айырмашылық сомасын құрайды.
Аталған жағдайда «А» банкімен өзара есептесу жүзеге асырылады, яғни 8 000 000 + 3 000 000 – 1 000 000 = 10 000 000 теңге. ҚДКБҚ «Б» банкін өтемді төлеу үшін агент етіп тағайындайды. Сіз «Б» банкіне жазбаша өтініш білдіруге жəне «Б» банкі арқылы ҚДКБҚ-нан 10 000 000 теңге сомасында өтем алуға құқығыңыз бар.
Қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шыққан күннен бастап қатысушы банкті мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі. | 30 күнтізбелік күн |
Төлемдердің басталуы, өтінішті қабылдайтын жəне сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап өтемді төлеуді жүргізетін агент банкті анықтау. Салымшы өз қала/аймақтағы осы банктің кез-келген жақын орналасқан филиалына баруына болады |
14 жұмыс күні |
Салымшының талаптарын растайтын барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап агент банк төлеуді жүзеге асырады. | 5 жұмыс күні |
БАҚ-да төлемдердің басталуы туралы хабарлама шыққан күннен бастап 6 айдан кейін салымшылар тікелей ҚДКБҚ-на қатынасуға құқылы. |